Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады Толығырақ: https://t.co/W9y9SbInzh pic.twitter.com/3eHyE4PcnZ — President Kassym-Jomart Tokayev's Press...

25 Mayıs 2022
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

2022 жылғы
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді.

Ермек Сағымбаев Президентке ҰҚК органдарының халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимылдары, есірткі мен қару-жарақтың, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға, Мемлекеттік шекараларды нығайтуға бағытталған шаралар туралы баяндады.

Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бірқатар халықаралық және аймақтық есірткі таситын жолдар жабылды, заңсыз айналымдағы 15 келіден астам психотроптық заттар мен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетінің жолы кесіліп, жасырын қоймалар анықталды.

Терроризмге қарсы орталық штабтың жауынгерлік дайындық деңгейін сақтау үшін 3 командалық-штабтық және 29 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Ел шекарасын күзету барысында 632 құқық бұзушы ұсталды. Сонымен қатар Каспийде 11 шақырымнан астам браконьерлік құрал тәркіленді.

Құны 230 миллион теңгеден асатын валюта мен алтынның, 77,9 миллион теңге болатын тауарлардың және 2,5 миллион теңге көлеміндегі жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, соның ішінде негізгі жедел қызметтерге ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және осы саладағы қызметтің тиімділігін арттыратын қажетті құрылымдық өзгерістер енгізу барысы туралы баяндалды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ulttyk-kauipsizdik-komitetinin-toragasy-ermek-sagymbaevty-kabyldady-2442934

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ