Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

    Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сыбайлас...

24 Mayıs 2022
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

 

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

2022 жылғы 24 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Агенттіктің дерегі бойынша биылғы 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Мемлекет басшысына Агенттіктің бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктерін қалыптастыру үшін шаралар қабылдағаны жөнінде баяндалды. Іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Соған сәйкес тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез-келген тергеу амалдары орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласу фактілеріне жедел назар аударатын жұмыс тобы құрылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-is-kimyl-agenttiginin-toragasy-olzhas-bektenovti-kabyldady-244449

 

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ