Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

  Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады https://t.co/UYjyRu2GpL pic.twitter.com/6tT3MBSQWK — President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office...

09 Aralık 2023
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы

 

 

Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндалды.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 10 айдың ішінде бір триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін жалпы сомасы 87,7 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 14, білім және медицинаға қатысты 7, логистика бағытында 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 1,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 

 

 

Мемлекет басшысына жылыту маусымының барысы туралы да айтылды. Атап айтқанда, биыл күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің және үшінші ЖЭО-ның бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория. Қала ұзақ уақыттан бері алғаш рет биылғы жылыту маусымында жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз ететін болды.

Келесі жылы «Тельман» газ жылу станциясының бірінші және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл нысандар қаланы қосымша 850 Гкал/сағат жылумен қамтуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандар (мектеп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар) салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту және басқа да жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы елордада бес оқушылар сарайының, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың құрылысы басталады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-astana-kalasynyn-akimi-zhenis-kasymbekti-kabyldady-8114244

 

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ