Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

  Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдадыhttps://t.co/8s26dbbh5C pic.twitter.com/rlM7tPWjns — President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@AkordaPress)...

29 Ekim 2022
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

2022 жылғы

Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді. Министрдің айтуынша, жалпы өнім көлемі 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі. Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.

Бұдан бөлек, Президентке ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-auyl-sharuashylygy-ministri-erbol-karashokeevti-kabyldady-2691218

 

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ