Мемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар Халықаралық қоғамдастық Мемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 2024 жылғы   Мемлекет басшысы Грек...

29 Mart 2024
Мемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2024 жылғы

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулуды және грек халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Грекия Еуропа Одағының белсенді елдерінің бірі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін. Қазақстан мен Грекия арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Келешекте елдеріміз арасындағы ықпалдастық және сан қырлы байланыстар ауқымы одан әрі ұлғая түсетініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулудың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Грекия халқына құт-береке тіледі.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-grek-respublikasynyn-prezidentine-kuttyktau-zhedelhatyn-zholdady-252149

 

 

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ