Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді https://t.co/WdJjxQkrOS pic.twitter.com/gS97McTQ7F — President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@AkordaPress)...

10 Haziran 2022
Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

2022 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Fortescue Future Industries» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады.

Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі.

«Fortescue Future Industries» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.

 

Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді.

Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-halykaralyk-kompaniyalardyn-basshylarymen-birkatar-kezdesu-otkizdi-953610

 

 

HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ