Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті - Gazete Şanlıurfa

Gazete Şanlıurfa

SON DAKİKA

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті

Жаңалықтар Ақорда Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті 2024 жылғы   🇰🇿🇶🇦 Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен...

05 Temmuz 2024
Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен кездесті

2024 жылғы

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға арнайы келгені және Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қатарды Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, екі елдің мақсаттары ортақ және тілеулес екенін айтты.

– Сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас жасауға ниетті екенімізді атап өткім келеді. Менің Дохаға жасаған сапарым туралы жақсы естеліктер қалды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан айтулы оқиға болды. Біз байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Менің сапарым барысында өте маңызды құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Үкіметі осы келісімдердің табысты жүзеге асырылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп ойлаймын, – деді Президент.

 

 

 

Өз кезегінде шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға тағы да келіп, ШЫҰ саммитіне қатысу зор мәртебе екенін айтты.

– Әрине, Дохаға жасаған өте маңызды сапарыңыз есімде. Сіз өзара қарым-қатынасымызды стратегиялық деңгейге көтергенімізді еске салдыңыз. Мен қарым-қатынастарымызды мақтан тұтамын. Елдеріміз әлі де ауқымды жұмыс атқаруға, соның ішінде экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға тиіс, – деді Қатар Әмірі.

Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, көлік-логистикалық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және телекоммуникация салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kazakstan-prezidenti-katar-memleketinin-amirimen-kezdesti-361643

 

 

 

Etiketler :
HABER HAKKINDA GÖRÜŞ BELİRT
İLGİLİ HABERLER
POPÜLER HABERLER
SON DAKİKA HABERLERİ